- Басты бет
- Жаңалықтар
- әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолдауымен (KITF 2024 көрмесі аясында) Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері туристік ұйымдар мен компаниялары басшыларының кездесуі өткізілді.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолдауымен (KITF 2024 көрмесі аясында) Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері туристік ұйымдар мен компаниялары басшыларының кездесуі өткізілді.
25 сәуірде География және табиғатты пайдалану факультетінің мәжіліс залында Тұрақты даму бағдарламасын ілгерілету шеңберінде «Тұрақты даму үшін серіктестік» (№17 ТДМ) бағыты бойынша Қазақстанға көршілес елдің туристік ұйымдары өкілдерінің салтанатты кездесуі өтті. Қазақстан тарапынан ҚТА (Қазақстан туризм ассоциациясы) және Қырғызстан тарапынан ҚАТО (Қырғызстан туристік ұйымдар қауымдастығы) қатысты. Салтанатты кештің алғы сөзін Рекреациялық география және туризм кафедрасы, География және табиғатты пайдалану факультеті атынан құттықтау сөзін, факультет деканы Актымбаева А.С. сөйледі. Отырыс аясында Қазақстан туризм ассоциациясы директоры Р.Р.Шайкенова мен Қырғызстан туристік ұйымдар қауымдастығының атқарушы директоры Н.Сапаров баяндама жасады.
Бұл кездесу барысында түрлі мәселелер, сондай-ақ алдағы туристік маусымда екі елдің туризм және қонақжайлылық индустриясы саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Екі елдің туристік индустриясын дамытудың жалпы аспектілері, оның ішінде ғылыми құрамдас бөліктерге тоқталды, мұнда зерттеу және дайындау бойынша жетекші ғылыми орталықтардың бірі болып табылатын рекреациялық география және туризм кафедрасының ерекше рөлі атап өтілді. Делегаттардың кездесуі өте жоғары деңгейде өтті, қызықты және өзекті мәселелер талқыланды, жалпы алғанда, бұл шараны ұйымдастыруға университеттің қосқан үлесіне жоғары баға берілді.