ПЕСТИЦИДТЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАНДАЙ ҚАУПІ БАР ЖӘНЕ ӨЗІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУ КЕРЕК - ФАО Тренингі

26 сәуір, 2024

 

Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Роза Ережепқызы Астанада 26 сәуірде 4-шы ТДМ жүзеге асыру аясында «Тұрақты органикалық ластаушы заттар мен пестицидтер: олардың денсаулық пен қоршаған ортаға қаупі және басқару шаралары» атты тренингке қатысты.
Оқытуды Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен Тұрақты дамуға жәрдем көрсету орталығы өткізеді. Көптеген ауылшаруашылық аймақтарының топырағы адам денсаулығына және бүкіл экожүйеге қауіп төндіретін тұрақты органикалық ластаушы заттар (ТОЛ) және ауыр металдар бар пестицидтермен ластанған. Тренинг барысында қатысушылар ТОЛ және ауыр металдар бар пестицидтердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына қалай әсер ететінін біледі; олардан туындайтын тәуекелдерді қалай анықтауға және азайтуға болады; Қазақстандағы ескірген пестицидтердің жағдайы туралы және осы тақырыпқа байланысты тағы көптеген ақпараттан хабардар болады.
Қазақстанда да ФАО сарапшылары зиянкестермен күресудің баламалы әдістерін іздеу бойынша өз жұмыстарын бастады. Дала сынақтары қазақстандық фермерлердің зиянкестермен күресудің биологиялық әдістерін қолдану арқылы пестицидтерді қолдануды 60-70%-ға дейін азайта алатынын көрсетті. Бұл әрине топырақ құнарлығын, таза су көздерін, биологиялық әртүрлілікті және азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік береді.

ФАО/ГЭФ «Орталық Азия мен Түркиядағы пестицидтердің өмірлік циклін басқару» жобасы аясында химиялық қауіпсіздік, ТОЛ және ескірген пестицидтер бойынша «ToxicNet» ұлттық желісі құрылды. ToxicNet мақсаты – улы заттарды, оның ішінде тұрақты органикалық ластаушыларды (ТОЛ) және ескірген пестицидтерді қауіпсіз басқару туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
ФАО (Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы) – ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы жаһандық мәселелерді шешу үшін құрылған БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. ФАО-ға 194-тен астам мемлекет мүше. Қазақстан мен ФАО арасындағы серіктестік 1997 жылдан бері дамып келеді.