ҚазҰУ «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында университеттік сенбілік өтті.
Естеріңізге сала кетейік, ауқымды акция Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалау бойынша тапсырмаларына орай іске асырылды. Мемлекет басшысы бұл жұмыста билікті, кәсіпкерлерді, тұрғындар мен еріктілерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Акция бес кезеңнен тұрады және тақырыптық бағыттар бойынша жоспарланып, апталарға бөлінген: «Таза мекен» (6-13 сәуір), «Киелі мекен» (14-20 сәуір), «Жасыл аймақ» (21-27 сәуір), «Өнегелі ұрпақ» (28 сәуір — 4 мамыр), «Мөлдір бұлақ» (5-11 мамыр).
Сенбілікке білім алушылар, оқытушылар мен профессорлар, ҚазҰУ-дың барлық құрылымдары мен департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Сенбілік барысында кампус аумағында, оқу корпустары мен жатақханаларда тазалау жұмыстары жасалып, гүлдер отырғызылды. ҚазҰУ-лықтар оқу орны ғимараттарына іргелес жатқан аумақтарды, саябақтарды, стадиондарды тазалап, көгалдандырды. Сондай- ақ, қызметкерлер кеңсе бөлмелерін, ал білім алушылар Студенттер үйлерін ретке келтірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі