ҚР Жастар саясатының үздігі

28 сәуір, 2024

Ағымдағы жылдың, 26-сәуір күні “Білім Өркениеті” ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен, “ҚР ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ ҮЗДІГІ” атты республикалық байқауының марапаттау рәсімі Астана қаласында өтті.

Аталмыш байқауға еліміздің барлық жоғары оқу орнының студенттері қатысуға өтініш білдіре алды. Байқау қорытындысын жариялауға, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері мен оқу-ағарту ісінің үздіктері келіп, алғы сөздерін айтты. Сөз сөйлеу барысында қазіргі әлемдегі өзгерістер мен жастар қозғалысының бағытын анықтап, ТДМ 4 – сапалы білім мақсатының орындалуы туралы ұсыныстар айтылды.

Осы республикалық байқауға Экономика білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Тохтарбай Кербез қатысып, 1-дәрежелі диплом мен арнайы «ҚР жастар саясатының үздігі» атты статуэтка, куәлік және төсбелгіге ие болды (жетекшісі Андабаева Г.К.).

Жеңісті әрі жемісті күндер көп болсын!