Білім алушылардің жас көрермендер театрына баруы

3 сәуір, 2024

География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасы, Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығы 1-2 курс қазақ тобының куратор-эдвайзері Бекжанова Актоты Утеповнаның кураторлық сағат бойынша есеп беруі.

           Студенттердің мәдени деңгейін көтеру мақсатында Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрына “Келіндер көтерілісі” қойылымына бардық. Қойылымда қазіргі заманға сай жаңа отбасын құрған жастардың арасындағы мәселелер көтеріліп, жастарға ой саларлық дүние болды.

            Театрдағы қойылымнан кейін студенттер отбасы құндылығы және отбасын сақтап қалудың бір шарты - ол өзара түсінісу, бір-бірін қолдау және ата-анаға деген құрмет екенін айтып, алған әсерлерімен бөлісті.