“Фараби әлемі”. Бекжанова Актоты Утеповнаның кураторлық сағат бойынша есеп беруі.

4 сәуір, 2024

География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасы, Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығы 1-2 курс қазақ тобының куратор-эдвайзері Бекжанова Актоты Утеповнаның кураторлық сағат бойынша есеп беруі.

       ТДМ -4 тармағына сәйкес, сапалы білім алудың бір жолы ретінде студенттерді ғылыммен шұғылдануға үйрету мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдығына арналған Студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі” атты халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

       Конференцияға 2 курс студенттері, Максим Г. “Қазақстанның құрғақ аймақтарындағы эолдық жер бедерінің дамуы” және Карабева А.А., “Өзен арнасын реттеудің қаупі” тақырыптарында баяндама дайындады.

       Конференция нәтижесі бойынша 3 орын алған студентіміз Максим Гаухарды құттықтап, болашақта топтағы басқа студенттердің конференцияларға қатысу керектігі, оның тиімділігі туралы айтылды.