«Қолың жетер биікке, еңбек етсең ерінбей. Білім ізде кітаптан, жалқаулыққа берілмей!»

25 сәуір, 2024

2024 жылдың 25 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  Жоғары оқу орнына  дейінгі білім беру факультеті  Жоғары оқу орнына  дейінгі дайындық кафедрасының  тыңдаушылары  арасында  университеттің 90 жылдық мерейтойына орай «Қолың жетер биікке, еңбек етсең ерінбей. Білім ізде кітаптан, жалқаулыққа берілмей!» атты іс-шара өтті. Іс-шарада ағылшынның ұлы драматургы Уильям Шекспирдің  шығармашылығымен кеңінен танысты. Уильям Шекспирдің  пьесалары әлемнің түрлі тілдеріне аударылып, көптеген сөз тіркестері қанатты сөз ретінде күні бүгінге дейін қолданыста. Уильям Шекспирдің  шығармаларын қазақ тіліне аударған қазақтың ұлы ақын-жазушылары  Абай Құнанбайұлы мен 21 ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаев еңбектерімен танысты.

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ 4) аясында өткізілген іс-шараның мақсаты: тыңдаушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітап оқуға шақыру, тыңдаушылардың шығармашылық қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту.