Стипендиялық бағдарламаны түсіндіру жұмыстары жүргізілді

26 сәуір, 2024

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында сәуір айының 22 – 26 күндері аралығында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында (ТДМ-4 ) ҚР ҒЖБМ «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» аясындағы ұйымдастырылатын Стипендиялық бағдарламаны түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты – тыңдаушыларға аталған бағдарламаның негізгі шарттарын ұғындыру, талаптары мен тәртібін түсіндіру, конкурс талабына сай құжаттарды дұрыс рәсімдеуді үйрету.

          Шара барысында тыңдаушыларға аталған бағдарламаның  шетел азаматтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты – қазақ тұлғаларға арналғаны, кемінде «жақсы» деген бағасы бар орта білімді аяқтауды растайтын құжатқа ие талапкерлерге арналғаны аайтылды. Конкурстық іріктеуден өткен  талапкерлер таңдаған Қазақстан Республикасының ЖОО қабылданатыны, оларға мынадай мүмкіндіктерге ие болатын:

  • таңдаған білім беру бағдарламасының толық оқу кезеңінде тегін оқуы,
  • студенттің академиялық табысына қарай оқудың барлық кезеңіне ай сайынға арналған ай сайынғы шәкіртақы

Конкурсқа құжат тапсыру мерзімі және тиісті құжаттар тізіміне түсініктемелер берілді.

Шара соңында тыңдаушылар сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.