"Таза кампус" сенбілік шарасы өтті

27 сәуір, 2024

     ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында университетішілік «Таза кампус» акциясы өткізілді. Аталған акцияға Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес,   Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұжымы да үн қосып,  оқу ғимараттары, аудитория, кабинеттерде тазалық шараларын ұйымдастырды.  «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың, әрбір ҚазҰУ-лықтың басты міндеті. Кампустың  айналасын, ішін толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, оқу ғимаратының көркеюіне өз үлестерін  қосты.