Мен оқыған кітаптар!

23 сәуір, 2024

            Кітап асыл қазына, өзіне иіріп әкететін тұнық әлем! Осы тұнық әлемді білім алушылар бойына сіңіру мақсатында 23 сәуір-  Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай ПК -201 тобының білім алушыларымен топ кураторы Идрисова Г.А факультет кітапханасында "Мен оқыған кітаптар!" атты ашық кураторлық сағат өткізді.

         Факультет  кітапханасында өткен бұл іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларды  әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, кітапқа деген қызығушылықты арттыра отырып, кітапты күтіп ұстауға үйрету.

Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін,

Кел,оқырман,тойын тойла кітаптың

Шаттанатын мерекелі күн бүгін!