Ғалымдар мен мамандардың бірлескен күші Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайын зерттеуді жалғастыруда. Әртүрлі ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарынан тәжірибелі мамандар Атырау қаласында жиналып, жедел штаб су тасқынынан болатын қауіп деңгейін белсенді түрде бағалау жүргізуде. Метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы және «Гидрометриялық өлшеу құралдары мен әдістері» модулі бойынша кәсіптік оқу практикасының жетекшісі Ердесбай Алмат Нұрбақұлы факультетіміздің атынан жедел штабтың мүшесі атанып, Атырауда зерттеу жұмыстарына атсалысуда.
Бүгін екі ғалымдар тобы Жайық өзенінің атырауынан Индерге дейінгі арнасына да бақылау жұмыстарын жүргізді. Олар іргелес арналар мен жайылмаларды тексеру үшін қайықтар мен көліктерді қолданып, қажетті өлшемдерді жасады. Барлаудың негізгі мақсаты тасқын суларын үлестіру бойыншажедел шешім қабылдау үшін Жайық өзенінің өткізу қабілетін, оның арналарын, шығатын арналарын анықтау болды.
Қазір барлық күш-жігер аймақтағы су тасқыны жағдайын жақсырақ түсінуге және болжауға көмектесетін маңызды мәліметтерді алуға бағытталуда.
Топтық жұмыс және ғалымдар арасындағы ынтымақтастық осы мақсатқа жетудің негізгі факторлары болып табылады.