Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты ұйымдастырған "Күміс университеті" жобасы аясындағы"ҰЗАҚ БЕЛСЕНДІ ӨМІР" конференциясы

26 сәуір, 2024

2024 жылғы 26 сәуірде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында Алматы қаласы әкімдігі жанындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен» бірлесіп, Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институты ұйымдастырған "Күміс университет" жобасы аясында «ҰЗАҚ БЕЛСЕНДІ ӨМІР»   конференциясы өтті.

Іс-шараға қатысушылар аға буын үшін арнайы әзірленген жаңа білім беру бағдарламаларымен таныса алды. Бұл бағдарламалар өнер мен мәдениеттен бастап денсаулық пен АКТ технологиясына дейінгі әртүрлі салаларда білім мен дағдыларды қамтамасыз етеді, оқыту мен өзін-өзі дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Конференцияда қатысушылар әртүрлі білім және кәсіби құзыреттілік салаларындағы сарапшылармен тәжірибе және идеялармен алмасты. Қолжетімді курстар мен білім беру ресурстары туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" КММ және Алматы қаласының Бостандық ауданының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, қатысушылар Алматы қаласының "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" КММ ұсынған концерттік бағдарламаны тамашалай алды, онда аға ұрпақтың мәдени мұрасы мен талантын көрсететін билер, әндер және басқа да қойылымдар ұсынылды. "Күміс университет" жобасы аясында "ҰЗАҚ БЕЛСЕНДІ ӨМІР" конференциясы аға буынның білімі мен дамуына қызығушылық пен назар аударып, олардың белсенді және қарқынды өмір сүруіне жаңа мүмкіндіктер ашқан маңызды оқиға болды.