«Алматы қаласының сейсмикалық жағдайы»

29 сәуір, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 13) аясында «Алматы қаласының сейсмикалық жағдайы» тақырыбында 17-топ тыңдаушыларымен іс-шара өткізілді.

Өткізілген шараның мақсаты: Алматы қаласының сейсмикалық жағдайы туралы толық ақпарат беріп, пайда болу себептері, қорғану шаралары, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Сабақ барысында қарастырылған мәселелер:

  1. Алматы қаласының сейсмикалық жағдайы туралы толық ақпарат алды;
  2. Алматы қаласының қазіргі жағдайдағы сейсмикалық жағдайын анықтап, дайындық шараларына өзіндік талдау жасап, өз ұсыныстарын ұсынды;
  3. Жер сілкінісінің пайда болу себептерін анықтады;
  4. Әлемдегі жойқын жер сілкінісі болған елдерге талдау жасады;
  5. Неге жойқын жер сілкіністері таң алдында болатыны туралы өз пікірлерін білдірді;
  6. Қорғану шаралары, қауіпсіздік ережелерімен танысты.

ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚЫСҚАША НҰСҚАУЫ

Алдын-ала дайын болыңыз!!!

Рюкзак немесе сөмке;

  • Құжаттар. Қолма-қол ақша;
  • Үш күнге жететін тамақ пен су (Қытырлақ нан);
  • Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
  • Ысқырық, жарық;
  • Жылы киім;

Алғашқы жер сілкінісі кезінде

    • Есте сақтаңыз:
  • Жер сілкінісі кезінде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бермеңіз;
  • Мүмкіндік болған жағдайда газ су және жарықты сөндіріңіз;
  • Жер сілкіну төменгі балмен жай болса, онда қорықпаңыз сол жерде тұрыңыз яғни күтіңіз;
  • Жер сілкінісі тоқтағаннан кейін тез арада (15 сек) далаға шығып кетуге тырысыңыз.

Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші 5 және одан жоғары болса):

  • Екінші және одан да жоғары кабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз!
  • Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа есіктің жақтауына тұрыңыз! Басыңызды қорғаңыз!
  • Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз!
  • Лифтіні, баспалдақты пайдаланбаңыз! Балконға шықпаңыз.
  • Сілкініс аяқталғаннан кейін (шамамен 15 сек ішінде макс. 5 мин.) далаға шығып, қауіпсіз жерге тұрғаныңыз абзал! Тоқ, зәулім үйлерден, үлкен ағаштардан, су құбырлары бар жерлерден алыс кетіңіз.

Егер көшеде болсаңыз:

  • Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ ашық алаңда тұрыңыз!
  • Үзілген электр желілерінен алшақ тұрыныз!
  • Ғимараттың алдын кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз!
  • Машинада болсаңыз шықпаңыз есігін ашып қойыңыз, күтіңіз!