«БЕЙБІТШІЛІК – ЕЛ ТІРЕГІ!»

30 сәуір, 2024

Бейбітшілік – адамның ең ұлы, ең асыл құндылығы екені сөзсіз. Күллі әлемдегі тыныштықтың, бейбітшіліктің ең басты кілті – сарымайдан қыл суырғандай саяси дипломатия, адами қарым-қатынас, мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатын құрметтеуі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары – елдің өркендеуіне бағытталған өршіл мақсаттардың жиынтығы болып табылады. Осы орайда Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлері тыңдаушылар арасында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында (ТДМ 16) «БЕЙБІТШІЛІК – ЕЛ ТІРЕГІ!» атты іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында факультет тыңдаушыларына Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы 1 мамыр мерекесінің ерекшелігіне тоқталды. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті Қазақ жерін пана тұтқаны белгілі. Сынақты кезеңдерді бастан өткерген қазақ халқы өз атамекенінде көпұлтты мемлекетке айналды. Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, біртұтастықта өмір сүру маңыздылыға баса тоқталып өтті.

Мақсаты- тыңдаушыларға мемлекет негізі өзара татулық пен бірлік екенін ұғындыру.

БІЗ БІРГЕМІЗ – БЕРІК ІРГЕМІЗ!