- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу - Қазақстандағы тұрақты егіншілік үшін шешімдер: цифрландыру, көміртегі бейтараптығы" тақырыбында халықаралық білім беру семинары
"Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу - Қазақстандағы тұрақты егіншілік үшін шешімдер: цифрландыру, көміртегі бейтараптығы" тақырыбында халықаралық білім беру семинары
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында "Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу - Қазақстандағы тұрақты егіншілік үшін шешімдер: цифрландыру, көміртегі бейтараптығы" тақырыбында халықаралық білім беру семинары өтті. Негізгі спикер Aitas Agro агрохолдингінің стратегия және маркетинг жөніндегі директоры Алия Сванова болды. Алия Aitas Agro агрохолдингінің тәжірибесімен және келесі ТДМ жету үшін ауыл шаруашылығындағы жаңа технологиялар туралы ақпаратпен бөлісті:
2-мақсат: Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тамақтануды жақсарту және ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға жәрдемдесу.
8-мақсат: үдемелі, толық қамтылған және тұрақты экономикалық өсуге, толық және нәтижелі жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмысқа жәрдемдесу.
11-мақсат: қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
12-мақсат: тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету.
13-мақсат: климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы шұғыл шаралар қабылдау.
15-мақсат: құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградация процесін тоқтату және кері қайтару және биоәртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.