Менің Фараби университетіндегі құнды тәжірибем

30 сәуір, 2024

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін түрлі бағыттарда: ғылыми, экономикалық, цифрландыру және инновациялық ресурстар және білім беру салаларында белсенді дами бастады. Басты бағыттардың бірі белсенді ғылыми ынтымақтастық болып табылды және Болон жүйесін енгізу, студенттердің ғана емес, жоғары оқу орындары зерттеушілерінің шетелдік оқуы мен тағылымдамасы болды. Дәл осындай ғылыми бағыт бүкіл әлемнің ғылыми әлеуетінің өзара дамуы және жақын және алыс шетелдердің әріптестері арасында ғылыми тәжірибелермен алмасуда зор нәтиже берді. Осындай ғылыми алмасудың жарқын мысалы ретінде Нитр қаласындағы Словакиядан келген студент Адам Дурачканы, әл-Фараби атындағы Ұлттық университетте, Шетелдік филология және аударма ісі кафедрасында, 7M02700 магистратурасы - Аударма ісі мамандығы бойынша тағылымдамадан өтті. Магистрант оқу барысында оқытушылар туралы, олардың кәсібилігі туралы, кафедра туралы, факультет туралы және жалпы университет туралы өте жылы лебізін білдірді. Басқа студенттермен бірге тұрып, ол университет кампусындағы қызықты әрі белсенді студенттік өмірді көріп, халқымыздың дәстүрімен танысты. Біздің университет қабырғасында студенттер ұйымдастырған түрлі іс-шараларда болды. Әсіресе, кафедра меңгерушісі М.М. Аймағамбетова мен кафедра оқытушылары А.Ж. Жапарова және басқа оқытушылардың зор еңбегі мен өз ісіндегі шеберліктерін атап өтті. Академиялық семестр соңында магистрант ризашылығын білдіріп, ұжымға жылы шырайлы лебізін және біздің университетте оқу кезінде алған білімі үшін алғысын білдірді.


https://drive.google.com/file/d/1vKg1o4hFk1FR1vtTmLiqt_ewazLCQh5r/view?usp=sharing