БИОФИЗИКА, БИОМЕДИЦИНА ЖӘНЕ НЕЙРОҒЫЛЫМ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОКТОРАНТТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАРЫ

25 сәуір, 2024

        24.04.2024 ж. Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі, профессор Кустубаева Альмира Мэлсовнаның төрағалығымен кафедра докторанттарының ғылыми семинары өтті.
Төмендегі тізімдегі докторанттар баяндама жасады:
    Нармуратова Г.Х., 2 курс, 8D05102 - Биология мамандығы, баяндама тақырыбы  « Миелоидты супрессорлык жасушалар (MDSC) популяциясынын предиабет жагдайындагы фенотиптік жене функционалдык сипаты ».

       Тютенова А.А. 3-курс докторанты, 8D05102 - Биология мамандығы, диссертациялық жұмысы  «Жарық режимінің визуалды емес әсерлерінің адамның тәуліктік хроноструктурасына әсерін зерттеу» тақырыбында баяндама жасады.


    Жақсыбай Ж., 2 курс, 8D05102 Биология мамандығы, баяндама тақырыбы «Өсімдік тектес препараттармен жүкті егеуқұйрықтар мен олардың ұрпақтарының эксперименттік қант диабеті кезіндегі өзгерістерін коррекциялау».
      Алмасбекова А., 1 курс, 8D05102 Биология мамандығы, баяндама тақырыбы «Адам бүйрегінің қатерлі ісігін тудыратын Apollo (DCLRE1B) генінің мутантты нұсқаларының биохимиялық қасиеттерін зерттеу».


   Балмаганбет З., 1 курс, 8D05102 Биология мамандығы, баяндама тақырыбы «Жасушалық иммунотерапия үшін каннабидиолдардың лимфоциттерді бақылау және белсендірудегі  рөлі».
    Кафедраның ПОҚ және 8D05101 Биология, 8D05102 Биомедицина, 8D05109 Нейроғылым мамандықтары бойынша 1-3 курс докторанттары қатысты. Ғылыми семинар Microsoft Teams платформасы арқылы онлайн форматта жүргізілді.