«ҚР 100 үздік студенті» атты республикалық форум

29 сәуір, 2024

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Адал адам, адам еңбек, адал табыс” атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды жастардың арасындағы кеңінен насихаттау мақсатындағы “Әділетті Қазақстанның тірегі - адал жастар” атты республикалық форум өткізілді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дарынды студенттердің арасында байланыс орнату мақсатында «ҚР 100 үздік студенті» атты республикалық байқау өткізілді. Форум барысында үздік студенттер марапатталады.

«ҚР 100 үздік студенті» қатарына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультеті «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Жумасаева Алия 1-дәрежелі дипломмен, арнайы төсбелгімен, куәлікпен және мүсіншемен марапатталды.