«Бейбітшілік – ел тірегі» атты 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арлаған мерекелік іс-шара өткізілді

2 мамыр, 2024

30.04.2024 жылы «Бейбітшілік – ел тірегі» атты 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арлаған мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл күн ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор мереке. Қазақстанда бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Болашақ қоғамды тұрақты дамыту ТМД 16-мақсатына сәйкес 1-курстың 6В04103 Экономика мамандығы студенттері  Экономика кафедрасы "Жалын" студенттер қауымдастығымен бірігіп сәуір айының 30ы күні мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс - шара барысында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері, дәлірек айтсақ Өзбекстан, Ауғанстан, Моңғолиядан келген Экономика және бизнес жоғары мектебінің, Механика-математика және Ақпараттық технологиялар факультеттерінің студенттері өз өнерлерін көрсетіп, елдері туралы ақпараттармен бөлісті.