"6В02207-Шығыстану (түрік тілі)"мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік Олимпиадасы

2 мамыр, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен   2024 жылдың 29-30 сәуір күндері Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары арасында 6В02207- Шығыстану (түрік тілі бөлімі)»  білім беру бағдарламасы бойынша  Республикалық пәндік олимпиада өтті.

            Олимпиаданың мақсаты: «Шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету, сонымен қатар жоғарғы оқу орындары арасындағы байланысты нығайта түсу болып табылады.

            Сайысқа еліміздегі жоғарғы оқу орындарында «6В02207- Шығыстану (түрік тілі бөлімі)» білім беру бағдарламалары бойынша оқып жатқан  2-3-4 курс студенттері қатысты.

Олимпиада жүлдегерлерін марапаттауға Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Білім Атташесі Айхан Коркмаз мырза арнайы келіп, студенттерді жетістіктерімен құттықтап өз демеушілігін білдірді.