«Әбу Ханифа» орталығының директоры дәріс өткізді

2 мамыр, 2024

30.04.2024 ж. Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, Арабтану орталығы  ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерілген мәселелерді, сонымен қатар «Құқықтық тәртіп», «Әлеуметтік әділеттілік» қағидаттарына басымдық берілетін қоғамдық қатынастарды талқылау мақсатында және «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының «Сапалы білім» пунктінің аясында, Кітап күніне арналған шара ретінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті «Әбу Ханифа» орталығының директоры, доктор Шәмшәдин Керімнің «Жастар арасында ұлттық құндылықтарды ұлықтау» атты дәрісі өтті. Дәріс қазіргі заманда жастарға қазақи құндылықтарымызды дәріптеу, ұлттық кодымызды сақтап қалу мәселелері төңірегінде өтті. Сондай-ақ, тіл мен дәстүрдің сақталуы арқылы ұлттық бірегейлігімізді арттыру тақырыптары да қозғалды.