ҚазҰУ студенттері арасында шағын футболдан турнир
2024 жылдың 1 мамырында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шағын футболдан факультет аралық турнир өтті, оған 3 факультеттен 6 команда қатысты: философия-саясаттану, филология, биология және биотехнология. Жарыс зиянды әдеттерді қолданудың алдын алуға және студент жастарға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік жоба аясында өтті. Жоба "Денсаулық үшін серіктестер" ҮЕҰ қолдауымен жүзеге асырылуда.
Салауатты өмір салты мен әл-ауқатты қамтамасыз ету қоғамның тұрақты дамуының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Бұл әлеуметтік жобада осы негізгі мақсатты ұстанады. Жасыратыны жоқ, университетте оқу студенттерден тек жақсы академиялық қабілеттерді ғана емес, сонымен қатар стресске төзімділікті, мықты денсаулықты талап етеді. Шағын футбол-физикалық белсенділікті сақтаудың және төзімділікті арттырудың тамаша тәсілі.
Жарыс өте серпінді және көңілді өтті, көрермендер барлық қатысушыларды жылы қолдады. Биология және биотехнология факультетінің командасы жеңімпаз атанды.
Жарыстың барлық қатысушылары мен демеушілеріне рахмет! Мұндай жарыстар ҚазҰУ студенттері үшін жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз.
Ұйымдастырушылар: "Денсаулық жолындағы серіктестер" ҮЕҰ қолдауымен ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті, З.Б. Мадалиева, А.Ө.Өмірбекова, Б.Б. Аязбаева, С.К. Құдайбергенова.