ТДМ-13 "Климаттың өзгеруіне және оның салдарына қарсы күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау" шеңберінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды

30 сәуір, 2024

2024 жылдың 30 сәуір күні кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының доценті, з.ғ.к., эдвайзер Қалымбек Бақытжанның жетекшілігімен ТДМ-13 «Климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау» шеңберінде 206 топ студенттерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер елдегі болып жатқан жағдайға баға беріп, ахуалды мәселелерді белгіледі. Осыған орай қолжетімді ақпарат пен статистиканың негізінде студенттер өздерінің жеке көзқарастарымен бөліскен болатын.