ТДМ 4. “Жоралғы күні” атты ашық кураторлық-эдвайзерлік сабағы

27 наурыз, 2024

2024 жылдың 27 наурыз күні жылуфизика және техникалық физика кафедрасының куратор-эдвайзері Жакыпов Ә.С., 2 курс магистранты Исатаева Г.К. және 4 курс студенті Мейрашева З. мен «Техникалық физика» білім беру бағдарламасының 4 курс 405 топ студенттерінің ұйымдастыруымен “Жоралғы күні” атты ашық кураторлық-эдвайзерлік сабағы болып өтті. Сабақ барысында халқымыздың ең мейірімді дәстүрлерінің бірі жоралғы беру жайлы сөз қозғалды. Сабақ офлайн форматта өткізілді.

 

 

Сабақ аясында бұл күннің маңызы мен мәнін тағы бір рет түсіндіріп, бүгінгі қазақ қоғамына достық пен мейірбандықты, адамгершілік деген ұлы қасиетті дәріптейтін дәстүрдің бірі екені жайлы сөз қозғалды.

 

Куратор: Жакыпов Ә.С.