Венгрияның Дебрецен қаласындағы Дебрецен университетінде ғылыми тағылымдамадан өту

3 мамыр, 2024

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының "Геоботаника" мамандығы бойынша 2 курс докторанты Карабалаева Дина Эзимхановна Венгрияның Дебрецен қаласындағы Дебрецен университетінде Өсімдіктердің молекулалық филогенетикалық зертханасында ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Дебрецен университеті – ең ірі жоғарғы оқу орны және Венгриядағы жетекші университеттердің бірі.

Докторанттың диссертация тақырыбы: Қазақстан аумағында кездесетін Trollius L. туысы түрлерінің қазіргі жағдайын бағалауда популяциялық-генетикалық зерттеу.   Ғылыми тағылымдама барысында докторант Қазақстандық Trollius L.  туысының әртүрлі популяцияларының генетикалық әртүрлілігін зерттеумен айналысады.

Шетелдік ғылыми жетекші – Рh.D доктор, Венгрия Ғылым академиясының эволюциялық геномиканы зерттеу тобының жетекшісі, Габор Шрамко.  Тағылымдама уақыты 01.04.2024-15.05.2024.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz