Республикалық пәндік олимпиада

26 сәуір, 2024

2024 жылғы 26 сәуірде ТДМ 4.3.4 – Университет кешенінен тыс білім беру ақпараттық-түсіндіру жұмысы жобасы шеңберінде 6В07104 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы білім беру бағдарламасының 3 және 4 курс студенттері: Дильназ Ахметқызы Төлегенова, Рамазан Бағдатұлы Кажданбеков және Жансая Қанатқызы Рымжанова Павлодар қаласында "Торайғыров университеті" КЕАҚ өткен Республикалық пәндік олимпиадада жалпы командалық ІІІ (үшінші) жүлделі орынға ие болды. Студенттер бірінші турда - шығармашылық тапсырмада - жылу алмасу және технологиялық сызбанұсқасының мағынасын ашу бойынша жалпы химиялық технология бойынша міндеттерді шешуде практикалық дағдылар мен білімдерін көрсетті, нәтижесінде Төлегенова Дильназ Ахметқызы жеке есепте басқа қазақстандық ЖОО студенттері арасында 3-орынды иеленді. Одан кейін студенттер екінші кезеңге өтіп, мына пәндер бойынша теориялық білімдерін көрсетті: Органикалық химия, Химиялық технологияның негіздері мен аппараттары I, Химиялық технологияның негіздері мен аппараттары II, Мұнайды бастапқы өңдеу процестерінің технологиясы, Мұнайды қайта өңдеудің деструктивті процестерінің технологиясы, Көмірсутекті газдарды қайта өңдеу технологиясы, Мұнай-химия шикізатын өнеркәсіптік қайта өңдеу процестері және полимерлер өндірісі және т.б композициялық материалдар. Осылайша, екінші турдың қорытындысы бойынша команда тамаша нәтиже көрсетіп, үшінші орынды лайықты иеленді. Олимпиада командасының жетекшілеріне, химия ғылымдарының докторы, профессор Корулькин Дмитрий Юрьевичке және химия ғылымдарының докторы, профессор Әубәкіров Ермек Айтқазыұлына алғысымды білдіремін, Республикалық олимпиаданы ұйымдастырушыларға әділ баға бергені және студенттер үшін іс-шара ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін.