ТДМ 3 шеңберіндегі семинар сапалы білім Амантай Мөлдір
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы, 7М02310 - «Шетел филологиясы» мамандығының 1 курс магистранты Амантай Мөлдір педагогикалық тәжірибеден өту барысында 19.04.2024 күні “Yazım kuralları: Sözcük Kısaltmalarını Türetme ve Kullanma Esasları” тақырыбында «Шетел филологиясы» мамандығының 2 курс студенттерінде ашық семинар сабағын ТДМ 3 шеңберінде сапалы білім беру өткізді. Студенттерге қысқарған сөздердің қолданылуы мен мағынасын түсіндіру, қысқарған сөздерді жазу барысында қатесіз қолдануды үйрету мақсат етілді. Студенттермен сөйлесуде жіберілетін қателіктермен жұмыс жасай отырып, теориялық, практикалық білім беру, қысқарған сөздерді орнымен пайдалануды үйрету, ауызша сөйлеу практикасы мен тыңдалым қабілетін арттыру әрі дамыту міндеттелді. Сабақта жаңа тақырып толық түсіндіріліп, сабақты бекіту үшін студенттер ауызша және жазбаша, сондай˗ақ тыңдалым тапсырмаларын орындады. Сабаққа кафедра мұғалімдері қонақ ретінде қатысты.