ТДМ 3 шеңберінде Семинар сапалы білім Сейдалиева Гүлдана

3 мамыр, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы, 7M02217 – «Шығыстану» мамандығының 1 курс магистранты Сейдалиева Гүлдана педагогикалық тәжірибеден өту барысында ТДМ 3 шеңберінде сапалы білім беру 18.04.2024 күні “Түркия мен ТМҰ арасындағы байланысы мен қоғамдық ой санасы” тақырыбында «Шығыстану» мамандығының 3 курс студенттерінде ашық семинар сабағын өткізді. Студенттерге ТМҰ ұйымының саяси рөлін, түркі елдерінің өзара қатынасының маңызын ашып түсіндіруге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Студенттермен Түркияның халықаралық саяси аренадағы рөлі туралы пікір алмасу жүргізілді. Студенттерге ТМҰ ұйымының түркі халықтарының байланысын нығайту барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысу міндеттелді  Сабақта жаңа тақырып толық түсіндіріліп, сабақты бекіту үшін студенттер арасында дебат ұйымдастырылып, түркі елдері мен Түркияның геосаяси жағдайын талқыладық. сондай˗ақ Сабаққа кафедра мұғалімдері қонақ ретінде қатысты.