"Сапалы білім" тақырыбындағы эдвайзер сағаты

30 сәуір, 2024

30.04.2024 ж. ТДМ іске асыру шеңберінде 4-мақсат:" Баршаға қолжетімді және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаға өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру" жүзеге асыру аясында 202-топ студенттерімен "Сапалы білім беру" тақырыбында А.К. Джангабулова эдвайзерлік сағат өткізді. Эдвайзерлік сағаттың мақсаты: студенттерді сапалы білім алуды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарымен таныстыру. Сонымен қатар, онлайн курстар, вебинарлар және қашықтықтан оқытудың басқа түрлері қарастырылды, бұл студенттерге әртүрлі елдердің жетекші мамандарынан білім алуға, сондай-ақ халықаралық деңгейде басқа студенттермен тәжірибе алмасуға және ынтымақтасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, эдвайзер сағатында студенттердің үлгерімі, емтихан тапсыру нысандары және жазғы сессияға дайындық мәселелері талқыланды.