2024 жылдың 30 сәуірінде Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының 1-курс магистранттары педагогикалық тәжірибе аясында факультет студенттері мен оқытушыларына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдығына арналған іс-шара өткізді.
Іс-шараға қатысушыларды университеттің мерейтойымен факультет деканы, профессор Галеева А.К. қарсы алып, құттықтады. Қатысушыларға факультеттің тарихы туралы магистранттар дайындаған, оның дамуының негізгі тұстарын көрсететін фильм көрсетілді. Әр ұрпақтың спикерлері т.ғ.д., профессор, ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Наурызбаев М.Қ., аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Аргимбаева А.М., 3-курс студенті Мұқанов А. университет қабырғасында үлкен ғылымға жол берген ұстаздары, өмірлік тәжірибесі туралы естеліктерімен бөліскен; болашақта университетті қалай көретінін айтты. Қатысушылар арасында университет және факультет тарихын білу бойынша викторина ұйымдастырылып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар студент Мұқанов А. орындауындағы «Көрегұлы» күйінен үлкен әсер алды.
Шараға қатысушылар осындай қызықты әрі пайдалы іс-шараны ұйымдастырып, өткізген магистранттарға алғыстарын білдірді.
Магистранттарға арналған оқу практикасының жетекшісі, доцент Мусабекова А.А.