«Заманауи Қазақстан және Үндістан: мәдениет, дін, өнер» атты көшбасшылық дәрісі өтті

3 мамыр, 2024

   02.05.2024 күні Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасымен бірлесе отырып, «Тұрақты даму мақсаттары» жобасының «Сапалы білім» тармағының аясында «Заманауи Қазақстан және Үндістан: мәдениет, дін, өнер» тақырыбындағы көшбасшылық  дәрісін өткізді. Дәрісте «Үнді классикалық биі Бхаратанатьямның  философиялық тұжырымдамасы», «Нага тайпаларының Британдык отаршылдық кезең тарихы: Дін және Білім беру жүйесі», «Қазіргі миссионерлік қызметте мәдени кодты қолдану ерекшеліктері» тақырыптарындағы баяндамалар жасалды. Қатысушылар көшбасшылық  дәріске белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.