«QYZPU CUP VII» пікірсайыс турнирі

28 сәуір, 2024

«27-28 сәуірде өткен республикалық «QYZPU CUP VII» пікірсайыс турнирінде философия кафедрасының 2 курс магистранты Дамир Кәрімов APF форматы бойынша 3-ші орынды иеленіп, іріктеу раундтарында ең көп спикерлік ұпай жинады. 
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Парасатты Нағыз Лидерлер Одағы» ұйымдастыруымен өткен турнирде Республикамыздың оннан астам өңірі мен ірі қалаларынан жүзден астам спикер қатысты.
Турнир «Американдық парламенттік» және «Линкольн-Дуглас» форматтарында өтті.
Магистрантымызды жеңісімен құттықтаймыз!»