19-наурыз офлайн форматта Тойганбаева Назгуль Абеновнаның «Қазақ-орыс тілінің қолжазба мәтінін оптикалық тану үшін құралдар әзірлеу және деректер базасын құру» тақырыбындағы ғылыми семинары болды.

19 наурыз, 2024

Бүгін сағат 15:00-де, 327 ауд. офлайн форматта Тойганбаева Назгуль Абеновнаның «Қазақ-орыс тілінің қолжазба мәтінін оптикалық тану үшін құралдар әзірлеу және деректер базасын құру» тақырыбындағы ғылыми семинары болды. Ғылыми семинарға Ақпараттық технологиялар факультеті деканның орынбасары Беисов Нyрбол мырза, Компьютерлік ғылымдар кафедрасы меңгерушісі PhD Сатымбеков Максатбек мырза және кафедра оқытушылары оффлайн және онлайн қатысты. Назгуль Абеновна PhD докторлық зерттеу жұмысының міндеті мен мақсаты, зерттеу объектлерімен алгоритмдері және зерттеуден алған нәтижелері бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, ол баяндама соңында зерттеу жұмысы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Кафедрадағы оқытушы-профессор құрамы Назгуль Абенованың зерттеу жұмысына ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Кафедра ұжымы Назгуль Абенованың зерттеу жұмысына сәттілік тілей отырып оның тезірек PhD докторлық диссертациясын қорғауына тілектестік білдірді.