ҚазҰУ ғалымдары Қазақстан Ұлттық Банкінің конференциясына қатысты

4 мамыр, 2024

ҚазҰУ ғалымдарының Қазақстан Ұлттық Банкімен белсенді ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы шеңберінде Экономика кафедрасының зерттеуші ғалымдары – профессор, э.ғ.д. Б.М. Мұхамедиев және Ph.D., Д.Ж. Рахматуллаева – мамырдың 3-ші жұлдызында Алматы қаласында (Double Tree by Hilton) өткен "Экономикалық дамудың сын-қатерлері мен перспективалары" атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция-семинарға шақырылды. Семинар бағдарламасы әлемнің түрлі жоғары оқу орындарының ғалымдары, соның ішінде ҚР ҰБ гранттық қаржыландыру аясындағы жобалар бойынша жүргізген қызықты ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне шолуды қамтыды. Баяндамалардың тақырыбы сыртқы күйзелістердің өзекті мәселелерін, монетарлық саясатты бағалауды, сондай-ақ жалақының қатаңдығы мен фискалдық мультипликаторлардың рөлін, Қазақстан үшін жасыл облигациялардың перспективалары туралы мәселелерді қамтыды, қаржылық алаяқтық және үй шаруашылықтарының борыштық жүктемесі мәселелері белсенді талқыланды. Конференция форматы алғаш рет көп тілді (қазақ, ағылшын және орыс) болды. Семинар модераторларының қатарында ҚазҰУ – дың екі түлегі болды – В.А. Тутушкин, ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары және Н.С. Мұқанов, ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі.  Әр түрлі елдердің әріптестерімен өзекті ғылыми трендтерді талқылау, біздің талантты түлектерімізбен кездесу және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылау өте қызықты болды.

Динара Рахматуллаева

Ph.D., Экономика кафедрасының аға оқытушысы