«Жолдастық кездесу»

2 мамыр, 2024

Мамыр айының 2-ші жұлдызында ҚазҰУ студенттері СДУ университетінің филология факультеті студенттері ұйымдастырған «Жолдастық кездесуге» барып қайтты. Жастар бір-бірімен шығармашылық байланыс орнатып, өз өнерлерін ортаға салып, алдағы шығармашылық істеріне сәттілік тіледі. Ақындарымыз өлеңдерін, әншілеріміз әндерін айтып, жастар өз бойларындағы өнерді паш етті.

Жарты сағат көлемінде ҚазҰУ студенттерін университет ішімен таныстырса, ары қарай концерттік бағдарламарын тамашалап, кездесудің ең қызық бөлігі университет ауласындағы «köfte party»- де жастар бір-бірімен әңгіме-дүкен құрды. Студенттер арасында ертегі, әңгіме жазатын жастардың да аты аталды. Соның бірі, Қазыбек Жалғастың “Аққұйын” атты кітабын таныстырды. Осылайша, бейресми форматтағы концерттік бағдарламаның мақсаты жүзеге асып, болашақта әріптес боламыз деп кәміл сеніп, жастар рухани байып қайтты.