ТДМ 1. КЕДЕЙЛІКТІ ЖОЮ.Қиналғандарға қолұшын беру – парызымыз

20 сәуір, 2024

Еліміздің тұрақты даму  - кедейлікті жою мақсатымен елімізде болып жатқан табиғи апат су тасқыны болып жатқанда Қазақстан мемлекетінің әр азаматы қол ұшын беруге міндетті. Президентіміздің жолдауымен Қазақстанның бірнеше аймақтарында төтенше жағдай жарияланды. Бізде азамат ретінде көмектесуге тырысып жатырмыз. Біздің факультетте сол аймақтардан келіп оқып жатқан студенттер көп. Сол студенттердің ата-аналары өз бастарына осындай қиын жағдайға түсіп жатқанда балаларына да алаңдаулы. Апатқа түскен жанұялардың балаларына-студенттерге қол ұшын беру мақсатында 20 сәуір 2024 жылы күні Ақпараттық технологиялар факультетінің декандары Тукеев У.А., Урмашев Б.А., Тұрар О.Н. бірігіп бастауымен компьютерлік ғылымдар кафедрасы ұйымдастыруымен арнайы тамақ таратылды. 8 жатақхананың барлық студенттеріне арнайы пісірілген палау тараттық.