ТДМ 3. ЖАҚСЫ ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛ-АУҚАТ. Тауға шығу – таптырмас тынығу

27 сәуір, 2024

Тауға шығып, таза ауамен тыныстап, биік шыңнан айналаңа бір көз тастаудың өзі бір бақыт емес пе? Әсіресе, Алатау бөктеріндегі Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін бұл бақытты сезінудің зор мүмкіндігі бар. Себебі алмалы шаһарда тауға шығу үшін арнайы іс-шаралар жиі өтеді. Тұрақты даму мақсаты – жақсы денсаулық және әл-ауқат мақсатында Компьютерік инженерия және компьютерлік ғылымдар тобында оқитын шетелдік студенттерімізге кафедрамыздың кураторы Базаргүл Мәткерімқызы бастап әсем қала Алматымызды және Алатау бөктерін көрсетіп мақтандық. Шетелдік студенттердің біздің елдің табиғатының кереметтілігіне таң қалды.

Кей адамдардың саяхаттауға деген құмарлығын айтып жеткізу мүмкін емес. Саяхатты жаны сүйетін адамдар өздеріне таңсық, қызықты оқиғаларды бастан кешуді қалап тұратындай. Бірі дүниетаным кеңейтудің жолы деп ұқса, бірі тек демалыс деп түсінеді. Қалай десек те, екі топтағы адамдар да қаражаты мен күш-қуатын саяхатқа жұмсайды. Сіздің осы топтағы қайсысына жататыныңызды білмейміз, алайда саяхаттаудың басты себептерін атап бере аламыз.