«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ «Дені Сау - өнегелі ұрпақ»

27 сәуір, 2024

27.04.2024 ж. Компьютерлік ғылымдар мамандығының екінші (II) курс қазақ бөлімі студенттері «Дені Сау - өнегелі ұрпақ» тақырыбында Алатау тау бөктерінде таза ауа тыныс алу жолында ой бөлісті. Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғаны баршамызға мәлім. Бұл шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, компьютерлік ғылымдар мамандығының студенттері өнегелі өмір жобасының кезекті сұхбаты салауатты өмір салтын насихаттауға  арналады.  «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» тақырыбындағы ойларын өрбітіп бір-бірімен сұхбастады.

Атқарушы: Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, топ эдвайзері Шинасылов Ш.Ж.