Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ғалымдары «International Istanbul Arabic Book Fair» 8-халықаралық кітап көрмесінің ашылуына қатысты

9 желтоқсан, 2023

9.12.2023. «International Istanbul Arabic Book Fair» (9-12 December 2023) 8-халықаралық кітап көрмесінің ашылуына қатысып, әл-Фараби еңбектері, фарабитану саласындағы зерттеулермен танысып, араб тілінде ғылыми зерттеулер, еңбектер баспаханаларының өнімдерімен танысып, қажетті материалдарды алынды. Стамбул Халықаралық Араб кітабы жәрмеңкесі — дәстүр мен қазіргі заманды біріктіретін ең үлкен мәдени шара, сонымен қатар араб елдерінен тыс араб кітабының ең үлкен халықаралық жәрмеңкесі. Бұл Түркияда Араб тілін жандандыруға және араб және түрік бауырлары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған коммерциялық емес көрме. Ол жыл сайын Түркияның Стамбул қаласында өтеді. Стамбул Халықаралық Араб кітап жәрмеңкесі – Араб баспагерлері қауымдастығы мақұлдаған және Түркиядағы ең үлкен араб мәдени оқиғасы болып саналатын көрме. «Араб тілі бізді біріктіреді» тақырыбына арналған Араб кітабының 8-ші Халықаралық Стамбул жәрмеңкесіне әлемнің 30 елінен 250-ден астам баспалар қатысты. Жәрмеңке аясында конференциялар, панельдік пікірталастар, оқырмандар мен жазушылардың кездесулері, қолтаңба сессиялары, поэзиялық кештер, концерттер сияқты көптеген іс-шаралар, көрмелер, театр және өнер шеберханалары қызмет көрсетеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкеге әлемнің 30 елінен келген 250-ден астам баспалар 150 000-нан астам өнімдерін таныстыруға әкелген.