Әл-Азһар Университеті, Шариғат және құқық факультетінің деканы профессор доктор Ато ас-Сынбатимен кездесу

14 сәуір, 2024

Әл-Азһар Университеті, Шариғат және құқық факультетінің деканы профессор доктор Ато ас-Сынбатимен кездесу болды. Кездесуге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиева және кафедра доценті М.Б. Аликбаева, Шығыстану факультетінің арабтану бөлімінің меңгерушісі Хаван Айдынгүл қатысты. Кездесу барысында «Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі тіл философиясы мен философия тілі» жобасы аясында атқарылатын жұмыстар бойынша ақпарат берілді және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі ғылыми зерттеу жұмыстары таныстырылды. Әл-Азһар Университеті – әлемдегі ең көне университеттердің бірі болып саналады және Мысырдағы ислам ғылымы мен білімі бойынша ең үздік білім ордасы, университет қабырғасында бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен келген білім алушылар тәлім алып, ислам саласындағы мамандар ретінде дайындалады. Доктор Ато ас-Сынбати Шариғат және құқық факультетінің жұмысы, кітапханасы, оқытушыларымен таныстырып, өзара ынтымақтастық бағыттары мен жолдары туралы пікір алмасты. Аталған факультетте «Түркі ойшылдарының еңбектеріндегі дін мәселесі» атты ғылыми семинар ұйымдастырылды.