ҚазҰУ ғалымдары ҚР Египеттегі, Алжирдегі және Тунистегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Лама-Шариф Қайрат Қайырбекұлының қабылдауында болды

15 сәуір, 2024

Қазақстан Республикасының Египеттегі, Алжирдегі және Тунистегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Лама-Шариф Қайрат Қайырбекұлының қабылдауында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиева және кафедра доценті М.Б. Аликбаева, Шығыстану факультетінің арабтану бөлімінің меңгерушісі Хаван Айдынгүл болды. Елші кездесу барысында әл-Фараби мұрасының еліміз үшін маңыздылығын, Дамаскідегі әл-Фараби орталығын жандандыру, бұл орталықтың Ғылым академиясы ретінде бой көтеру қажеттілігі туралы, ЮНЕСКО аясында әр жылы әл-Фараби күнін атап өтудің қажеттілігін, Мысыр еліндегі мәмлүктерге деген құрмет, Сұлтан Бейбарыс пен Қайтпай сұлтанның түркі әлемі үшін маңыздылығы, олардың жүріп өткен жолын зерттеудің қажеттілігі мен Дамаскідегі Аз-Захирия кітапханасындағы қолжазбаларды сөйлетудің еліміз үшін құндылығын атап өтіп, ғалымдар талқысына салатын ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, әл-Фарабидің зерттелмей жатқан еңбектерінің Дамаск қаласында болуының мүмкіндігіне назар аударды.