ҚазҰУ ғалымдары Мысыр Араб Республикасының Жоғары білім беру және ғылыми зерттеулер министрлігінде, ғылыми мәдени ақпараттар бөлімінің басшысы доктор Абу аль-Футух Сабри Юнуспен кездесті

15 сәуір, 2024

15.04.2024

Мысыр Араб Республикасының Жоғары білім беру және ғылыми зерттеулер министрлігінде, ғылыми мәдени ақпараттар бөлімінің басшысы доктор Абу аль-Футух Сабри Юнуспен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Д. Құрманалиева және кафедра доценті М.Б. Аликбаева, Шығыстану факультетінің арабтану бөлімінің меңгерушісі Хаван Айдынгүл кездесу өтті. Кездесу барысында қазақ мәдениеті, салт-дәстүрлері бойынша жазып жатқан монографиясы туралы ой бөлісіп, алдағы уақытта бұл еңбектің қазақ тілінде жарық көруі, сонымен қатар қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің араб тіліне аударылуы туралы ұсыныстар қарастыру мүмкіндіктері талданды. Министрліктің шығатын ғылыми басылымдарында қазақстандық ғалымдардың мақалаларын шығару, араб ғалымдарының қазақстандық басылымдарда мақала жариялау мүмкіндіктері, ортақ ғылыми жобалар, магистранттар тағылымдамасы мен ғылыми кеңесші ретінде тағайындалу туралы ұсыныстар жасалды.