- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша XVІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада
«Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша XVІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы аясында 2024 жылы 29 сәуір күні Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша XVІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының екінші кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты дарынды студенттерді іріктеп, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау көрсету, зияткерлік әлеуетінің қалыптасуына көмектесу және қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге жұмылдырып, ғылыми қызметке қызығушылығын дамыту болып табылды.
Олимпиаданың екінші кезеңіне 5 команда қатысты. Олардың қатарында:
- Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті атынан қатысатын «Ясауи командасы»! Топ мүшелері: Әбетай Жандос, Муминов Мақсад, Зияудин Әбдімүтәліп. Команда жетекшісі: теология факультетінің профессоры, филос. ғ.д. Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы.
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті атынан қатысатын «Руханият бастауы» командасы! Топ мүшелері: Ерсін Гүлғайша, Ашимхан Дінмұхаммед, Кузенбаев Азиз. Команда жетекшісі: Саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы.
- Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті атынан қатысатын «Пирамида» командасы. Топ мүшелері: Орынбекова Ұлжан, Тамырбаева Мөлдір, Матай Аида. Команда жетекшісі: «Дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы, Калиев Қасқырбек Кикбайұлы
- Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті атынан қатысатын DN Study командасы! Топ мүшелері: Нұрмахан Жадыра, Әділхан Аян Нұрболатұлы, Ерсұлтан Жанәділ. Команда жетекшісі, Дінтану кафедрасының PhD докторы, қаумд. профессор Ботакараев Бауыржан Қуанышбайұлы,
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті атынан қатысатын «Әл-Фараби шәкірттері» командасы. Топ мүшелері: Наурызбаева Мөлдір, Сәрсен Мөлдір, Эрик Малика. Команда жетекшісі: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD, аға оқытушы Сарсембаев Руслан Меиржанұлы.
Олимпиада жарысына әділ бағасын беру үшін байқау комиссияның келесідей құрамы анықталды:
Байқау коммиссиясының төрағасы:
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультетінің профессоры, филос. ғ.д. Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы.
Комиссия мүшелері:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы
- Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті «Дінтану» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Калиев Каскырбек Кикбайұлы
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, Филол ғ.к., қауым.проф., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Балтымова Мира Рашидқызы.
- Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының PhD докторы Дүйсенбаева Альбина.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушы, Phd докторы Тунгатова Ұлжан Асқарбайқызы
Комиссия хатшысы:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушы, Phd докторы Сарсембаев Руслан Меиржанұлы
Олимпиаданың ІІ кезеңі үш бөлімнен құралды. Бірінші бөлім «Интернеттің қазақстандық сегментіндегі діни ахуал» тақырыбына арналды. Командалар негізгі тақырып бойынша үй тапсырмасы ретінде алдын-ала әзірленген жобаны қорғайды. Жобаның өзектілігі, ғылымилығы, идеялық ерекшелігі, презентацияның көркемдігі, студенттің сөйлеу мәнері бағаланды.
Екінші бөлім «Үздік білімгер» деп аталды. Бұл бөлім команда мүшелерінің жеке білім сайысына арналды. Команда мүшелеріне «Kahoot» бағдарламасы арқылы тест сұрақтары берілді. Тест сұрақтарына тез, әрі дұрыс жауап берген студент Олимпиаданың жеке сайысының жеңімпазы атанды.
Үшінші бөлім – «Ұяшықты таңдау» тапсырмасы көлемінде өтті. Команда мүшелері белгілі бір ұяшықты таңдап, жасырылған тақырып бойынша білімдерін көрсетті. Бұл кезеңде команда мүшелерінің барлығы бірдей белсенді ат салысып, комиссия мүшелерінің қосымша сұрақтарына жауап берді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша XVI-шы Республикалық студенттік пәндік олимпиада жарысының жеңімпаздары келедей ретте анықталды:
БІРІНШІДЕН, ТОПТЫҚ САЙЫС НӘТИЖЕСІНДЕ:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
І дәрежелі дипломымен
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I дәрежелі дипломымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Ясауи командасы» тобы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
ІІ дәрежелі дипломымен
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Пирамида» тобы марапатталады.
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Әл-Фараби шәкірттері» тобы марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
ІІІ дәрежелі дипломымен
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «DN Study» тобы марапатталды.
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің «Руханият бастауы» тобы марапатталды.
ЕКІНШІДЕН, ЖЕКЕ САЙЫС НӘТИЖЕСІНДЕ:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
І дәрежелі дипломымен
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I дәрежелі дипломымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Исламтану мамандығының студенті Зияудин Әбдімүтәліп марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
ІІ дәрежелі дипломымен
-
-
-
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Дінтану мамандығының студенті Муминов Мақсад марапатталды.
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Теология мамандығының студенті Әбетай Жандос марапатталды.
-
-
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің
ІІІ дәрежелі дипломымен
3 қатысушы
-
-
-
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану мамандығының студенті Наурызбаева Мөлдір марапатталды.
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Дінтану мамандығының студенті Орынбекова Ұлжан марапатталды.
- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Дінтану мамандығының студенті Ерсұлтан Жанәділ марапатталды.
-
-
Дінтану білім беру бағдарламасы бойынша олимпиаданы ұйымдастыруға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы жауаптылық танытты.
Басқа жаңалықтар

