Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттары

5 мамыр, 2024

7.10.2023г
22-01 ЖМ тобы куратор Айтбаева Эльмира Бахтияровнамен бірге Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттары тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап тұрақты даму қағидаларын ұстанатынын көрсетті. Табиғи ресурстарға бай ел бола отырып, Қазақстан тұрақты болашақты қамтамасыз етуге инвестиция салады. Бұл - экономикаға құрылымдық инвестициялар, әлеуметтік инфрақұрылымға инвестициялар және институционалдық даму. Тегін білім беру мен денсаулық сақтауға жалпыға бірдей қолжетімділік қамтамасыз етілді, халықтың осал топтарын әлеуметтік қорғауға кепілдік берілді, гендерлік теңдік саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.