ТДМ-ның серіктестікті дамыту бағыты бойынша «Заманауи Қазақстан және Үндістан: мәдениет, дін, өнер» іс-шара

2 мамыр, 2024

 

 02 мамыр 2024 жылы ТДМ-ның серіктестікті дамыту бағытында «Заманауи Қазақстан және Үндістан: мәдениет, дін, өнер» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, үнді классикалық биі мен йога орталығының негізін қалаушы – Ақмарал Қайназарова  арнайы шақырылды.

Заманауи Қазақстан және Үндістандағы мәдениет, дін, өнер мәселесінің өзектілігі туралы Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедра меңгерушісі М.Д. Кокеева мен дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Н.Ж. Байтенова  сөз сөйледі.

Шара барысында  Ақмарал Қайназарова «Үнді классикалық биі Бхаратанатьямның  философиялық тұжырымдамасы», Қ. М. Борбасова «Қазақстандағы евангелизация саясатын зерттеудің теориялық мәселелері», С. А. Исмагулова «Нага тайпаларының Британдык отаршылдық кезең тарихы: дін және білім беру жүйесі», Тайжанова Гауһар «Қазіргі миссионерлік қызметте мәдени кодты қолдану ерекшеліктері» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Іс-шараға қатысқан екі факультеттің оқытушы-профессорлары, докторанттары, магистранттары мен студенттері тақырып бойынша сұрақтар қойып, қызу пікір алмасты.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: дінтану және мәдениеттану кафедрасы - Байтенова Н.Ж. филос. ғ. д., профессор, Борбасова К.М. филос. ғ. д., доцент, Мұқан Н. аға оқытушы;  магистранттар: Тайжанова Г.Н., Асан А.Б.,Досжанов Д., Тазабеков А.

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы- Көкеева Д.М. кафедра меңгерушісі, профессор м.а., Исмагулова С.А. үндітану бөлімінің меңгерушісі, PhD, Еслямгариев А.А. индолог, факультеттің аға эдвайзері.