“Климаттың өзгеруімен күрес”

29 сәуір, 2024

География және табиғатты пайдалану факультеті, Картография және геоинформатика кафедрасы, Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер мамандығы 1-2 курс қазақ тобының куратор-эдвайзері Бекжанова Актоты Утеповнаның кураторлық сағат бойынша есеп беруі.

 

30.04.2024ж.

 

    Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер” мамандығының 2 курс студенттерімен өткізілген кураторлық сағатқа Метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушы, г.ғ.к., Мұңайтпасова Аида Нургалиевна арнайы шақыртылып, Тұрақты даму мақсаттарының 13 тармағы “Климаттың өзгеруімен күрес” бойынша дәріс оқыды.

 

    

      Аида Нургалиевна студенттерге Қазақстандағы және жаһандық климаттың өзгеруі бойынша толық мағлұмат берді. Сонымен қатар, климаттың өзгеруінен  туындаған табиғи апаттарға да тоқталып өтті.

      Табиғи апаттардың адамзат қоғамына да, қоршаған ортаға тигізетін салдарын азайту үшін және бейімдеу стратегиялары арқылы климаттың өзгеруінің түпкі себептерін шешу өте маңызды екенін ескерте отырып, осы мәселе бойынша студенттердің де пікірлерін тыңдады.

        Кездесу соңында Студенттер тұрақты даму мақсаттарының басқа да бағыттарына байланысты тест сұрақтарына жауап берді.