ТДМ 11-«Қала құрлыс жобаларын жоспарлау» тәрбие сағаты
3 Мамыр 2024
ТДМ 11-«Қала құрлыс жобаларын жоспарлау» тәрбие сағаты
Қатысқандар: ҚазҰУ Картография және Геоинформатика кафедрасының
Геоинформатика мамандығы 3 курс студенттері
Сабақ форматы: офлайн
ҚазҰУ Картография және Геоинформатика кафедрасының 3 курстарымен -«Қала құрлыс жобаларын жоспарлау» атты тәрбие сағатын өткізген болатынбыз.
Қазіргі таңда еліміздің аумағында қала кеңістігін қарқынды түрде пайдалану жүмыстары жүргізілуде. Күннен-күнге қүрылыс қарқынды дамып, оған деген сұраныс күннен-күнге артып келуде. Бұл ретте жер учаскелері құнының өсуіне байланысты қүрылыс тығыздығының өсуі және биік құрылыстар салу үрдісі байқалады. Аталған мәселелердің барлығы ғимараттар мен қүрылыстардың геометриялық өлшемдерін дәл анықтауға қойылатын талаптардың өзгеруіне, сондай-ак қүрылымдарды орнату, ғимараттар мен құрылыстардың іргетасын қалау кезінде аса дәлдікті талап етеді. Себебі оңтүстік астанамыз ТМД-дағы ең сейсмикалык кауіпті аймақтардың бірі екені белгілі.
Соңғы онжылдыкта геодезиялык жабдык өндірушілері лазерлік электронды тахеометрлерді шағылыстырғышсыз шығара бастады. Бұл геодезиялық аспаптар геодезистің жұмысын тиімдірек және жеңілдетті, ең бастысы-геодезистер күн сайын кездесетін бірқатар міндеттерді жылдам шешуге мүмкіндік берді. Әрине, мұндай құрылғылар архитектуралык өлшеулер үшін өте қолайлы. Бұрын қолданылған өлшеу жүйелерімен салыстырғанда шағылыстырғышсыз тахеометрлерді қолдану еңбек өнімділігін шамамен үш есе арттырды.
Қосымша:
1. https://www.instagram.com/reel/C3dJ9Q7t1TU/?igsh=Y3dvaXYzaTZxMGll