“Финляндия қалай оянды?” кітабын талдау

6 мамыр, 2024

2 мамыр, бейсенбі күні, ТДМ-ның «Сапалы білім» бағыты бойынша Қиыр Шығыс кафедрасының, Шығыстану мамандығының 2курс студенттері арасында “Отбасы Хрестоматиясы” ҚҚ авторы Сәкен Нұрқабекұлы аударған Григори Петровтың “Финляндия қалай оянды?” атты кітабы талданды.

Григори Петровтың бұл кітабы Финляндияның тарихы мен мәдени оянуынан хабар беріп, қандай ауыр жағдайда болғанын және соны қалай еңсеріп, түбінде таңғажайып жетістіктерге қол жеткізгені жайында баяндайтын еңбек.  ХХ ғасырдың басында халық саны екі миллионнан аспайтын, геосаясатта ешқандай орны жоқ, Швеция мен Ресей сияқты алпауыт империялардың ортасындағы шағын мемлекет саналған еді. Алдымен Швецияның, кейін Ресейдің қоластында болып, ішкі-сыртқы саясатын өз қалауымен жүргізе алмады. Дегенмен Ресей ішкі саясатқа еркіндік берген жылдары ел ішінен шыққан күрескер тұрғалар, надандыққа майдан ашып, ағарту ісімен айналысты. Оның соңы бүкіл халықтың бір мүддеге тоғысуына алып келді.

Кітапты талдау барысында студенттер «Финляндия қалай оянды?», «Интеллигенция деген кімдер?», «Халықты кім алға сүйрейді?», «Халықты тәрбиелейтін қандай топ?» деген сұрақтар аясында пікір аламасты. Осы сұрақтаар негізінде студенттер қоғамдағы өзекті мәселелерді шешудің бірден бір жолы жастарға тәрбиелі білім беріп, оларға рухани азықтандыру екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Себебі «Финляндия қалай оянды?» кітабында жазылғандай мәдени түлеу де, саяси күшею де, экономикалық даму да рухани қабаттан басталады.

 

Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушысы Сайлаукенова Ә.Е.