- Басты бет
- Жаңалықтар
- ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ДЫҢ ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ АРАБ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТЕДІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ДЫҢ ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ АРАБ ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТЕДІ
2024 жылдың 17-мамыры күні сағат 11.30 де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетіндегі Арабтану орталығы мен Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Арабтану бөлімінің сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктері «Араб тілі академиясы» (Шарджа), «Мәдени дипломатия істері бойынша халықаралық институттың» (Дубай) бірлесе ұйымдастыруымен «Шетелдіктерге араб тілін үйретудің заманауи тәсілдері» атты ғылыми семинар өтеді.
Ғылыми семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың 90 жылдығы мен Шығыстану факультетіндегі арабтану бөлімнің 40 жылдығы аясында арабтану бөлімінің оқытушы-профессорлары, Біріккен Араб Әмірліктері «Араб тілі академиясы» (Шарджа) мен «Мәдени дипломатия істері бойынша халықаралық институт» (Дубай) тарапынан келетін арнайы делегацияның, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті және ҚР дағы белгілі арабтанушылардың қатысуымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті «Араб тілі мен мәдениеті залында» өтеді.
ӨТЕТІН МЕРЗІМІ: 17 мамыр 2024 ж.
УАҚЫТЫ: 11:30-12:20
ӨТЕТІН ОРНЫ: Алматы қ., Карасай Батыр 95 А
Шығыстану факультеті, 5 қабат. 541 - ауд.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ