Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың Шығыстану факультетінде арабтану бөлімі студенттерінің арасында ғылыми-интеллектуалдық сайыс өтеді

8 мамыр, 2024

2024 жылдың 17-мамыры күні сағат 12.20 те әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетіндегі арабтану орталығы мен Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы арабтану бөлімінің сондай-ақ, Біріккен Араб Әмірліктері «Араб тілі академиясы» (Шарджа), «Мәдени дипломатия істері бойынша халықаралық институт» (Дубай) басшылықтарының әділ-қазылығымен арабтану бөлімі студенттерінің арасында ғылыми-интеллектуалдық сайыс өтеді.

Ғылыми-интеллектуалдық сайыс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дың 90 жылдығы мен Шығыстану факультетіндегі арабтану бөлімнің 40 жылдығы аясында арабтану бөлімінің оқытушы-профессорлары, Біріккен Араб Әмірліктері «Араб тілі академиясы» (Шарджа) мен «Мәдени дипломатия істері бойынша халықаралық институт» (Дубай) тарапынан келетін арнайы делегацияның, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті және ҚР дағы белгілі арабтанушылардың қатысуымен арабтану бөлімінің  студенттері арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті «Араб тілі мен мәдениеті залында» өтеді.

Ғылыми-интеллектуалдық сайыс барысында арабтану бөлімінің студенттері араб тілі, әдебиеті, мәдениеті, тарихы т.б. бойынша білімдерін ортаға салатын болады.

Сайыс соңында жеңімпаздарға сертификат пен арнайы жүлделер тағайындалады.

 

ӨТЕТІН МЕРЗІМІ: 17 мамыр 2024 ж.

УАҚЫТЫ: 12:20 - 13:20

ӨТЕТІН ОРНЫ: Алматы қ., Карасай Батыр 95 А

                            Шығыстану факультеті, 5 қабат. 541 - ауд.

                            Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ